Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Полигондағы өртті сөндіруге 54 техника тартылды

Алматы - Қонаев автожолының 35-шақырымында орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қауіпті аймақтағы жағдай толық бақылауда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

18 қыркүйек күні күндізгі ауысымда 35 бірлік техника жұмылдырылды. Оның ішінде 26 самосвал, 3 жүк тиегіш, 3 бульдозер, 2 каток және 1 су таситын көлік бар.

Түнгі ауысымға қосымша 19 техника тартылды. Олардың қатарында 10 самосвал, 4 жүк тиегіш және 5 трактор-экскаватор жұмыс істеді.

Осылайша, екі ауысымда барлығы 54 арнайы техника өртті толықтай сөндіру және полигон аумағын қауіпсіздендіру үшін жұмылдырылды. Оның ішінде:

  • самосвалдар – 36,

  • жүк тиегіштер – 7,

  • трактор/экскаваторлар – 5,

  • бульдозерлер – 3,

  • катоктар – 2,

  • су таситын көлік – 1 бірлік.

Мамандардың айтуынша, өрттің қайта тұтану қаупінің алдын алу үшін полигонда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Жұмысқа төтенше жағдайлар қызметімен бірге коммуналдық қызмет өкілдері де қатысып, қалдықтарды көму және күл-қоқысты тазалау шараларын жүргізуде.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысы өтті

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Боралдайда құрылысқа қажетті металл құбырлар шығарылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Қараойда жаңа өрт сөндіру бекеті салынып жатыр: ауыл қауіпсіздігі қалай күшейеді?

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Алматы облысында 61 саяжай кооперативі ауыл шекарасына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Байсеркеде газдандыру мен жаңа аллея салу мәселесі көтерілді

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz