Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлерін құттықтады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев соғыс ардагерлері Тәңірберген Толғанбаев пен Фёдор Емельянович Ковалевке арнайы барып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Облыс басшысы ардагерлерге ізгі тілегін білдіріп, мерейтойлық медальдар мен Қонаев қаласынан жаңа, жайлы пәтерлердің кілттерін табыс етті. Сондай-ақ, Алматы облысындағы барлық соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңге көлемінде ақшалай сертификаттар берілгенін атап өткен жөн.

Марат Сұлтанғазиев ардагерлердің ерлігі мен жанқиярлық еңбегіне шынайы алғысын білдіріп, оларға қамқорлық көрсету – мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін айтты.
«Бүгінгі бейбіт өмір – Сіздердің жанқияр ерліктеріңіздің жемісі. Сіздердің жеңіске қосқан үлестеріңіз баға жетпес. Біз әрдайым Сіздерді мақтан тұтамыз. Ел есінде сіздердің ерліктеріңіз мәңгі сақталады», – деді өңір басшысы.

Ардагерлер көрсетілген ілтипат пен қолдау үшін алғыстарын жеткізіп, мұндай кездесулер жеңімпаз ұрпағына деген терең құрметтің белгісі екенін атап өтті.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өту – тек өткенге тағзым ғана емес, сонымен қатар халықты ортақ тарих пен бірлік идеясы төңірегінде топтастыратын маңызды оқиға.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Сауалнама: Президентке сенім деңгейі 86,7 пайызды құрады

Қорлан Нұрланқызы
16.05.2026

Қазақстан Халық Кеңесі қандай орган болады? Министр түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

15 мамырда Алматы облысында қатты жел соғады

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Шамалған ауылында жеке үйдің ауласынан жылан табылды

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Алматы облысында жасөспірім жүргізуші 12 жастағы баланы қағып кетті

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz