Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мәскеуде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Әлқисса» концерті өтті

Мәскеудегі «Геликон-опера» музыкалық театрында қазақтың ұлы композиторы, дирижері, КСРО халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Әлқисса» концерті ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

ЮНЕСКО-ның мерейтойлық даталар күнтізбесіне енгізілген бұл айтулы шара халықаралық деңгейдегі мәдени бағдарлама аясында өтті. Көрермендер залын толтырған жұртшылық кешті ыстық ықыласпен қабылдап, өнер иелеріне зор қошемет көрсетті.

Концерт барысында Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев сөз сөйлеп, Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылық мұрасына тоқталды.

«Ол қобыз бен домбыраның көне күйлері мен заманауи симфониялық формаларды тоғыстырған алтын көпір бола білді. Оның музыкасы – ғасырлар үнқатысы. Онда дала әуендері, қаһармандық сарындар, халықтық әуез бен академиялық мектеп үйлесім тапқан. Шығармашылығы халқымыздың жады мен болмысын сақтаудың, рухани қуатты нығайтудың жолы», – деді Елші.

Көрерменнің ерекше ықыласына композитордың қызы, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Дінзухра Тілендиеваның өнері бөленді.

«Мәскеу – әкеме жат қала емес. Ол осында Николай Аносовтан дәріс алып, Үлкен театрда тағылымдамадан өткен. Сондықтан біз бұл концертке үлкен дайындықпен келдік. Әкемнің есімін ұлықтап, мерейтойлық жылы осы сахнада өнер көрсету – мен үшін зор мәртебе», – деді ол.

Шара аясында театр фойесінде Жамбыл Жабаев атындағы Әдеби-мемориалдық музей қорынан әкелінген жәдігерлер көрмесі де ұйымдастырылды. Музей директоры, ұлы ақынның немересі Салтанат Жамбылова 1936 жылы дәл осы Мәскеуде Жамбыл бүкілодақтық танымалдылыққа ие болғанын атап өтті.

Мерейтойлық кеш Алматы облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің қолдауымен өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, концерт пен көрме Мәскеу жұртшылығына қазақ мәдениетінің бай мұрасын танытып, ерекше әсер қалдырды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Мұқағали елі үлкен тойға дайындалып жатыр: Райымбек ауданының 90 жылдығына не жоспарланған?

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026

Жасанды интеллект саласына вице-министр тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026

Әлеуметтік желідегі жазба үшін 20 жылға дейін сотталуыңыз мүмкін – Бас прокуратура

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026

«Әр секунд маңызды»: Қонаев дәрігерлері жаңа туған нәрестелерге қалай көмек көрсетеді?

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026

Алматы облысында тазалық талаптарын бұзғандарға 9,3 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz