Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

МӘМС: Алматы облысында 28 мыңға жуық ота жасалды

Қорлан Нұрланқызы
04.12.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысында биыл МӘМС жүйесі арқылы 27 700-ден астам ота жасалды. Жоғары технологиялық бұл операциялардың басым бөлігі кардиохирургия, нейрохирургия және ЛОР бағытында.Бұл туралы ӘМСҚ Алматы облыстық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев баспасөз мәслихатында баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қордың Алматы облыстық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, тұрғындар жыл басынан МӘМС аясында жалпы сомасы 34,8 млрд теңгеге медициналық көмек алған.
Көрсетілген қызметтердің ішінде стационарлық көмек пен қымбат диагностикалық шараларға сұраныс жоғары. Сонымен қатар, 2 млрд теңгеге медициналық оңалту қызметі көрсетілді. Бұдан бөлек,амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін қос пакет бойынша 12,6 млрд теңге қарастырылып, 570 мыңнан астам рецепт жазылған.

“МӘМС есебінен күн сайын жоғары технологиялық операциялар жасалады, әрі мұндай бір операцияның құны бірнеше миллион теңге болады. Барлығы ЖТМК-ге 1,0 млрд теңге бағытталды. Қаражаттың көп бөлігі кардиохирургиялық операцияларға бағытталған”,-деді Тілеухан Әбілдаев.

Спикердің айтуынша, денсаулық сақтау саласында әлі де бірқатар мәселелер бар. Биыл өңірдегі клиникаларда сомасы 1,7 млрд теңгеге 291 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелген. Олардың қатарында емдеу-диагностикалық стандарттардың сақталмауы, қызмет құнын негізсіз көтеру сынды деректер анықталған. Одан бөлек,филиал сарапшылары көрсетілмеген қызметтерді тіркеу бойынша 438 жағдайды анықтап, аталған жағдайлар бойынша айыппұл салынып, 14 млн теңгеден астам қаражат мемлекетке қайтарылған.

Облыс тұрғындары да медициналық қызметтің сапасына қатысты шағымдарын білдіріп келеді. Жыл басынан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2610 өтініш түссе, оның 1218 – шағым. Тұрғындар көбіне емханалардағы ұзақ кезек, консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімсіздігі және стационарлық көмек сапасының төмендігіне шағымданады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды өз құқықтарын қорғауға шақырады. Өтініштерді Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, msqory.kz сайты немесе Telegram-дағы @Saqtandyrýbot арқылы қалдыруға болады.
Айта кетейік, Алматы облысында халық саны 1,6 миллионды құрайды. Оның ішінде 1,3 миллионнан астам тұрғын сақтандырылған болса, 295 мың тұрғын әлі де МӘМС жүйесіне тіркелмеген.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz