Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

LAYS чипстерінің картобы Райымбек алқабында өсіріліп жатыр

Райымбек ауданындағы ірі агронысан — “Алтын дән” ЖШС 2023 жылы облыс әкімінің қолдауымен сервистік орталық ретінде құрылып, ауыл шаруашылығы саласында тың серпін беріп отыр.

Мөлдір Иманмади
02.08.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Screenshot

Screenshot

Бүгінде серіктестік 150 гектар жерге картоп егіп, оны су үнемдеу мақсатында тамшылатып суару әдісімен баптауда. Картоптан бөлек, Қарой жазығында 1500 гектар алқапта дәнді дақылдар да себілуде. Қазіргі уақытта, 20-дан астам жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Науқан кезінде жұмысшылар саны бұдан да артады.

Ең басты жаңалық — “Алтын дән” ЖШС PEPSICO халықаралық компаниясымен әріптестік орнатып, чипсыға арналған арнайы тұқымдарды сынақтан өткізіп жатыр. Бұл тұқымдар шетелден әкелініп, осы алқапта өсірілуде. Өнімнің сапасы бекітілген агрономдар мен сала мамандарының тұрақты бақылауында.

Кәсіпорында картоп пен дәнді дақылдарға арналған 20-ға жуық заманауи техника жұмыс істеп тұр. Енді өнім Алматы облысы мен Алматы қаласына жөнелтіледі, ал чипстерге арналған тұқымнан алынған өнім Pepsicо-ға өткізілетін болады.

Райымбек ауданы бойынша жалпы 13 200 гектар жерге дәнді дақылдар, 2 500 гектар жерге картоп егіледі.

Бұл — ауыл шаруашылығының жаңа деңгейге көтеріліп, халықаралық нарыққа шығуына бастайтын нақты қадам.

Тегтер: LaysPepsiCoБасты жаңалықтаркартоп алқабы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz