Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында жылына 8 мың тонна өнім шығаратын жаңа зауыт ашылды

Алматы облысының Байсерке ауылында азық-түлік өнеркәсібін дамытуға бағытталған жаңа өндіріс орны іске қосылды. Shin-Line Group компаниялар тобының ауқымды азық-түлік кластері аумағында орналасқан «Segmenta» зауыты тағамдық хош иістендіргіштер, кешенді қоспалар мен панировка өнімдерін өндіруге маманданған. Бұл туралы Alataunews.kz хабарлайды.

Қорлан Нұрланқызы
14.10.2026
Жаңалықтар

Жаңа кәсіпорынның ашылуы өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, Қазақстанда жоғары технологиялық азық-түлік өндірісін дамытуға мүмкіндік береді. Зауыт Shin-Line Group компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан ірі инвестициялық жобаның бір бөлігі саналады.

Аталған жоба аясында 300 миллиард теңгеге дейін шетелдік инвестиция тарту көзделген. Негізгі мақсат – шикізатты терең өңдеу, импортқа тәуелділікті азайту, экспорттық әлеуетті кеңейту және жаңа жұмыс орындарын құру.

Жалпы аумағы 3 мың шаршы метрді құрайтын «Segmenta» зауыты жылына 8 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы. Кәсіпорын заманауи технологиялық жабдықтармен және дайын өнімді сақтауға арналған жеке қойма кешенімен қамтамасыз етілген.

Зауытта сусындар, сүт және кондитерлік өнімдер, нан-тоқаш, тіскебасар, ет және құс етін өңдеу салаларына қажетті тағамдық ингредиенттер шығарылады.

Өндіріс орнының басты ерекшеліктерінің бірі – жеке ғылыми-зерттеу базасының болуы. Мұнда мамандар жаңа дәмдер мен хош иістерді зерттеп, азық-түлік өндірушілерінің сұранысына сәйкес арнайы рецептуралар әзірлейді.

Кәсіпорын өндіріс барысында әлемнің жетекші жеткізушілерінен алынатын 3 мыңнан астам ингредиентті пайдаланады. Олардың қатарында Франция, Италия, Германия, Үндістан және АҚШ компанияларының өнімдері бар.

Shin-Line Group компаниялар тобының президенті Андрей Шиннің айтуынша, жаңа зауыттың іске қосылуы Қазақстанның азық-түлік өнеркәсібін дамытудағы маңызды қадамдардың бірі.

«Азық-түлік кластерін дамыту – агроөнеркәсіптік кешенді жаңғыртуға, шикізатты терең өңдеуге және еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға қосқан үлесіміз. Байсеркеде «Segmenta» зауытының ашылуы жоғары технологиялық өндірісті дамытудың нақты үлгісі. Халықаралық тәжірибені енгізу және өндірісті жергіліктендіру арқылы біз жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, Қазақстанның азық-түлік өнеркәсібін жаңа деңгейге көтеруді көздейміз», – деді Андрей Шин.

Мамандардың пікірінше, мұндай кәсіпорындардың ашылуы отандық азық-түлік өндірушілерінің мүмкіндігін кеңейтіп, өндірісте қолданылатын маңызды ингредиенттерді ел ішінде шығаруға жол ашады. Сонымен қатар халықаралық компаниялармен әріптестікті нығайтып, өңірге жаңа технологиялар мен инвестициялар тартуға ықпал етеді.

Айта кетейік, Shin-Line Group – Орталық Азиядағы ірі балмұздақ және азық-түлік өнімдерін өндірушілердің бірі. Компания Алматы облысында заманауи өндіріс орындары мен логистикалық инфрақұрылымды біріктіретін ауқымды азық-түлік кластерін қалыптастыруды қолға алған.

Жаңа «Segmenta» зауытының іске қосылуы осы бастаманың маңызды кезеңіне айналып, Алматы облысының еліміздегі жетекші агроөнеркәсіптік өңірлердің бірі ретінде дамуына қосымша серпін бермек.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 45 шақырымнан астам жол жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
14.10.2026

Алматы облысында 400 басқа арналған сүт фермасының құрылысы аяқталуға жақын

Қорлан Нұрланқызы
14.10.2026

Алматы облысында жылына 8 мың тонна өнім шығаратын жаңа зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
14.10.2026

Алматы облысында еліміздің ең биік нүктесінде орналасқан туристік нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
14.10.2026

Жамбыл ауданында 15 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz