Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Конституция күні Алматы облысында тоғыз жаңа мектеп ашылды

Алматы облысында жаңа оқу жылы Конституция күнімен қатар келіп, мерекелік көңіл-күймен басталды. Бұл күні өңірде тоғыз жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның сегізі – ұлттық «Келешек мектеп» жобасы аясында, ал Қарасай ауданындағы 2000 орындық мектеп – инвестордың есебінен бой көтерді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жаңа білім ошақтары заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда робототехника, лингвистика, дизайн және графика кабинеттері, кітапханалар, спорт және акт залдары бар. Өткен жылы облыста 9 мектеп іске қосылса, алдағы жылдары тағы 26 жаңа білім ордасы салынбақ.

Облыстағы мектеп құрылысы ең алдымен үш ауысымды білім беру мәселесін шешуге бағытталған. 2022–2025 жылдары бұл мақсатта 43 мектеп салынды. Олардың жалпы сыйымдылығы 43 525 орынға жетті. Соның нәтижесінде үш ауысымды оқыту біртіндеп азайып келеді: 52 мектептен 26-ға қысқарды. Жаңа кешендер халық тығыз орналасқан аймақтардағы жүктемені азайтып, мыңдаған оқушыға қолайлы жағдай туғызуда.

Айрықша назар Талғар ауданының Төңкеріс ауылына ауды. Мұнда 600 орындық жаңа «Келешек мектебі» есігін айқара ашты. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев:
– Бүгін Төңкеріс ауылының балалары толық жабдықталған жаңа мектепте оқу жылын бастайды. Балаларымыз сапалы білім алып, үлкен жетістіктерге жететініне сенімдімін, – деді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы өтті. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған 60 948 балаға 2,8 млрд теңгеден астам көмек көрсетілді. Бұл – әр балаға орта есеппен 46 228 теңге көлемінде қолдау деген сөз. Көмек көлемі үш жылда 2,5 есеге артты.

Сонымен қатар мереке күні аймақ басшысы Қонаев қаласындағы ерекше әлеуметтік қолдауды қажет ететін балалар орталығына барды. Мұнда тәрбиеленіп жатқан 24 баланың бір бөлігі биыл колледжге түссе, қалғандары қала мектептерінде оқуларын жалғастыруда. Әкім олардың толыққанды дамуына жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

Жалпы Алматы облысында жаңа оқу жылында 491 мектеп есігін ашты. Оларда 362 мыңнан астам оқушы білім алуда. Оның ішінде 35,5 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Яғни, облыстағы әр оныншы оқушы – биылғы бірінші сыныптың шәкірті. Бұл көрсеткіш өңірде бала санының тұрақты өсімін дәлелдейді.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Число погибших из-за пожара в «Центре плова» в Щучинске выросло до 12 человек

Николай Иващенко
19.04.2026

Лазерное освещение появилось в области Жетысу на трассе «Ушарал – Достык»

Николай Иващенко
19.04.2026

В Алматинской области взорвался дом: пострадала семья

Николай Иващенко
19.04.2026

В Жамбылском районе расширяют посевные площади за счёт пастбищных земель

Николай Иващенко
19.04.2026

В «Городе кочевников» появился экопарк: высажено 500 деревьев

Николай Иващенко
18.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz