Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кіші Алматы өзенінің жоғары бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін

Бүгін Медеу ауданы тұрғындарымен кездескен Алматы әкімі Ерболат Досаев мегаполистегі парктер мен демалыс орындарының құрылысы туралы айтты.

08.12.2022
Аймақ

Мегаполис басшысының сөзінше, қазір Кіші Алматы өзенінің Тереңқұр су айдынының жоғарғы бөлігін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қоғамдық кеңістіктерді дамыту аясында Кіші Алматы өзенінің Тереңқұрдағы су айдынының жоғарғы бөлігін мемлекет меншігіне қайтару процедурасы жүргізіліп жатыр. Балансқа қабылданғаннан кейін бөгетті нығайту және алматылықтардың сүйікті орындарының бірінің аумағын абаттандыру бойынша жеке жоба әзірленеді. Жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылдың III тоқсанында аяқталады», — деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар ол жаяу жүретін белгілі жолдарға ерекше назар аударылғанын атап өтті.

«Бүгінгі күні «Көктөбе» саябағында қала тұрғындары мен қонақтары жолдың бойымен жүруге мәжбүр. Бұл – адамдарға қолайсыз және қауіпті. Тұрғындардың өтінішін ескере отырып, келесі жылдың III тоқсанында жаяу жүретін адамдарға «денсаулық жолы» салынады», — деді қала әкімі.

Ерболат Досаевтің айтуынша, биыл 2 скверді жаңарту жұмыстары аяқталады. Оның ішінде Оқушылар сарайы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік музейінің жанындағы скверлер бар. Фонтандар жаңартылып, жарық пен шағын сәулеттік нысандар орнатылды.

Бұдан бөлек, келесі жылы Мемлекеттік музейдің оңтүстігінде «Журналистер» алаңын және ондағы суару жүйесін жаңарту жұмыстарын бастау жоспарда.

«Маусымда өткен кездесу барысында Алатау шағын ауданында скейт-парк жасау мәселесі көтерілді. Жұмыстар Ибрагимов көшесіндегі сквердің құрылысы кезінде, яғни 2023 жылдың II тоқсанында жүргізіледі», — деді Алматы басшысы.

Тегтер: ерболат досаевөзен

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области ветеранам войны выплатили 20 миллионов тенге

Николай Иващенко
06.05.2026

Президент Казахстана посмертно присвоил звание «Халық қаһарманы» Кенжебаю Маденову

Николай Иващенко
06.05.2026

МЧС и Казселезащита проверили горы Алматы и Алматинской области

Николай Иващенко
06.05.2026

Нурлыбек Налибаев назначен первым заместителем премьер-министра

Николай Иващенко
06.05.2026

Первое золото Казахстана на домашнем Кубке мира

Николай Иващенко
06.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz