Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Іле ауданындағы мектеп оқушыларына қатысты оқиға бойынша тексеру басталды

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Іле ауданы, Қараой ауылындағы №49 мектеп оқушыларының тәртіптік мінез-құлқына байланысты құқық бұзушылық фактісі тіркелді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.04.2025
Аймақ, Алматы облысы
Фото: polisia.kz

Фото: polisia.kz

Алдын ала тексеру нәтижесінде аталған оқиға 2024 жылдың қыркүйек айында болғаны анықталды. Құқық бұзушылыққа жол берген оқушы 2025 жылдың наурыз айында басқа мектепке ауыстырылған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті қарастыру мақсатында арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілуде.

Оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ жүйелі сипаттағы құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін кешенді мониторинг жүргізілуде.

Тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысқан оқушылармен қатар, тәрбие жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастырмаған және жоғары тұрған органдарды уақытылы хабардар етпеген жауапты лауазымды тұлғалардың да жауапкершілігі қаралатын болады.

Білім басқармасы білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруды, сондай-ақ әрбір баланың құқығын қорғауды басты қағида ретінде ұстанатынын мәлімдейді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz