Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Еңбекке тағзым – болашаққа бағыт: Еңбекшіқазақ ауданында «Жұмысшы мамандықтар аллеясы» ашылды

Кез келген өркендеудің, ел дамуы мен тұрақтылықтың негізі – адал еңбек. Қарапайым жұмысшы мамандық иелерінің тынымсыз еңбегі – мемлекет тірегі. Осы ретте биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланып, еңбек адамына деген құрмет пен қолдау айрықша маңызға ие болып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Аталған бастама аясында еңбеккерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қоғамдағы мәртебесін арттыру бағытында бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылуда.

Осы игі істің жалғасы ретінде Еңбекшіқазақ ауданында Жастар ресурстық орталығының бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен Есік қаласында «Жұмысшы мамандықтар аллеясы» ашылды.

Ашылу салтанатына ауданның белсенді жастары, еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Шара аясында Есік кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері мен еріктілері бірігіп, ағаш көшеттерін отырғызып, аллея аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Бұл бастама жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, еңбекке деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жариялаған “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасының мақсаттарымен үндесе отырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да бағытталған.

«Жұмысшы мамандықтар аллеясы» – еңбек адамына деген шынайы ілтипаттың белгісі, әрі жас ұрпақты еңбексүйгіштікке баулудың өнегелі үлгісі.

Алдағы уақытта да Еңбекшіқазақ ауданында еңбек адамын қолдау мен олардың қоғамдағы беделін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасын табатын болады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz