Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бүгін бірнеше өңірде ауа райы қолайсыз болады

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 15 қазанда еліміздің кейбір өңірлерінде нөсер жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Ұлытау облысында солтүстікте, оңтүстікте және шығыста бұрқасын мен көктайғақ күтіледі, ал батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік және батыс бөлігінде тұман түседі, ал батыс пен оңтүстікте өрт қаупі жоғары.

Қарағанды облысының батыс, оңтүстік және солтүстік өңірлерінде көктайғақ болады, солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман түседі, ал оңтүстік пен шығыста өрт қаупі бар.

Жамбыл облысында солтүстік, оңтүстік және шығыста нөсер жаңбыр жауады, ал таулы аймақтарда қар аралас жауын-шашын күтіледі. Солтүстік пен оңтүстікте күндіз найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түсіп, таулы аудандарда көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталық, солтүстік және батыс өңірлерінде өрт қаупі жоғары.

Атырау облысының солтүстік, батыс және оңтүстік бөлігінде тұман түседі, ал батыс пен солтүстікте өрт қаупі төтенше деңгейде.

Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады, түнде және таңертең батыс және тау бөктерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының солтүстік және оңтүстік аймақтарында нөсер жаңбыр жауады, таулы аудандарда тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан жел кей жерлерде 18-23 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Павлодар облысының солтүстік және шығыс өңірлерінде тұман түседі.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v80), quality = 80

Алматы облысында 52 миллион көшет отырғызу жоспарланған

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Алматы агломерациясын дамыту: газ, жол және жаңа мектептер мәселесі талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Қонаевта 30 жыл жиналған қоқыс үйінділері тазартылды

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Жүздеген елді мекен қамтылады: Алматы облысы сенбілікке дайындалып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Марат Сұлтанғазиев Жамбыл ауданындағы өндіріс орындарын аралады

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz