Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Жетісу облысында қант қызылшасының алқабы екі есеге өсті

Былтыр түрлі себептермен небәрі 4 мың гектарға тәтті түбір еккен шаруалар биыл 8 мың гектарға дән-дақыл себуге кірісті.

27.04.2023
Аймақ

Айта кету, керек егістік көлемін ұлғайтуға арықтар мен каналдарды тазарту жұмыстары да септігін тигізді. Мәселен, Қаратал ауданындағы шаруашылықтың егіс алқабы 300 гектардан асады. Биыл жердің үштен бір бөлігіне қант қызылшасын егу басталды. Қожалық басшысы тәтті түбірдің сапалы сортын сынап көрмек. Айтуынша, ерекше өңдеуден өткен бұл тұқымды арамшөп баспайды. Демек жазда қосымша жұмыс күші қажет болмайды.

«Қант қызылшасы өнімдердің ішінде ең пайдалы, пайдасын көп беретін өнім. Біз 2006 жылдары 200 гектар егіп, 7 мың тоннаға дейін өнім алып, өткізетінбіз», — деді шаруа қожалығының жетекшісі Байбазар Қанабатыров.

Жалпы Қаратау ауданында биылғы егістік көлемі 23 мың гектарға жуық. Басым бөлігі дәнді және майлы дақыл. Ал қант қызылшасына 1100 гектар жоспарланған. Шаруалар былтыр да осындай алқапқа тәтті түбір себу межелеген. Бірақ су тапшылғы жоспардан шығуға мүмкіндік бермеді.

Арық, каналдардың арнасын тазартуға 13 млрд 600 млн теңге бөлінген. Жұмыстардың бірінші кезеңі басталып та кетті. Қазір жер-жерде қамыс басқан арналар тазартылып, ескі арық жүйелеріндегі астаулар алынып жатыр. Жұмыстардың бірінші кезеңі аяқталғанда 4500 мың гектар алқапқа су келуі керек. Мердігерлер тазарту және арықтарды қалпына келтіру жұмыстары суару маусымына кедергі болмайтынын айтып отыр.

Тегтер: алқапЖетісу облысықызылша

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында 6 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған төрт адам сотталды

Қорлан Нұрланқызы
23.11.2026

Ауылдағы адал еңбек: Алматы облысының екі азаматы мемлекеттік награда алды

Қорлан Нұрланқызы
23.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
23.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
23.11.2026

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
23.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz