Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ауыл диқандары жаңа рекорд орнатты

Биыл Алматы облысының диқандары мол өнім жинап, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Өңір бойынша 346,2 мың тонна астық бастырылып, орташа өнімділік гектарына 26,9 центнерді құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға жоғары, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Әсіресе жүгері дақылынан алынған өнім көлемі айтарлықтай артты — биылғы көрсеткіш 338 мың тоннадан асты. Бұл — облыс тарихындағы жаңа рекорд.

Мұндай жетістік инновациялық егіншілік тәсілдерін енгізу, жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану және егіс алқаптарын цифрлық бақылау жүйесін қолданудың нәтижесінде мүмкін болды. Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында жүгерінің өнімділігі гектарына 80 центнерден асып, ел бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірін көрсетті.

«Жоғары өнім жаңа тұқым түрлерін, заманауи агротехнологияларды және дәлме-дәл егіншілік әдістерін қолданудың нәтижесі», — деді Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі Ғалым Тоқпейісов.

Аграрлық сала мамандарының айтуынша, мұндай тәжірибелер ауыл шаруашылығында өнім сапасын арттырып, еңбек өнімділігін еселеп, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосуда.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz