Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы — Қонаев трассасындағы полигондағы өрт: ауа сапасы бақылауда

Алматы–Қонаев автожолының 35-шақырымындағы тұрмыстық қалдықтар полигонында орын алған өртке байланысты жақын маңдағы елді мекендерде санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

15–16 қыркүйек күндері мамандар ауа сапасын тексеру мақсатында 288 сынама алып, олардың бірқатарында шекті мәннен асып кеткен көрсеткіштер анықталды. Осыған орай тұрғындарға, әсіресе балаларға, қарттарға және тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар адамдарға алдын алу шараларын ұстану жөнінде нұсқаулық берілді.

17 қыркүйекте сол аумақтарда қайта жүргізілген тексеру нәтижелері нормаларға сай болып шықты. Қазіргі таңда ауа сапасы тұрақты түрде қадағаланып, желдің бағытына қарай бақылау күшейтілуде.

Маңыздысы, 15–17 қыркүйек аралығында улану фактілері тіркелмеген. Сондай-ақ медициналық мекемелерге шағымданғандар да болмаған. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Бұл жағдай аймақтағы төтенше жағдайлар қызметінің және санитарлық қызметтің үйлесімді жұмысының нәтижесінде толық бақылауда ұсталып отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz