Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының жаңа өңірлік нышаны тұрғындардың талқылауына ұсынылды

Алматы облысының тарихи-мәдени мұрасын, табиғи ерекшеліктерін және өңірлік бірегейлігін айшықтайтын жаңа өңірлік нышан жобасы әзірленді. Бұл бастама – облыстың имиджін қалыптастыруға, ішкі бірлікті нығайтуға әрі өңірдің болмысын көрнекі түрде көрсетуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жаңа нышан жобасы қазіргі таңда қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр. Талқылау мерзімі – 2025 жылдың 28 тамызынан 12 қыркүйегіне дейінгі 15 күнтізбелік күнді қамтиды. Осы уақыт аралығында барша тұрғындар мен қоғам өкілдері өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіре алады.

Ұсыныстар мен ой-пікірлерді daurenbaev.m@almobl.gov.kz электронды поштасына жолдау қажет. Сонымен бірге жоба үлгісімен Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтынан танысуға болады.

Облыс әкімдігі өңірдің жаңа нышанын қалыптастыруда әрбір азаматтың пікірі маңызды екенін атап өтті.

«Ортақ талқылау арқылы аймақтың рухани құндылықтарын бейнелейтін, баршаға ортақ символды жасай аламыз», – делінген ұйымдастыру комитетінің хабарламасында.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz