Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының оқушысы кикбоксингтен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өткен кикбоксингтен әлем чемпионатында Алматы облысының намысын қорғаған Қазақ орта мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Маратов Елдар күміс жүлдеге ие болды. Бұл жеңіс – жас спортшының табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, ерік-жігері мен спортқа деген шексіз сүйіспеншілігінің нәтижесі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғаған Елдар өз қарсыластарымен жоғары деңгейде бақ сынап, финалдық кезеңге дейін жетті. Оның жеңісі Алматы облысының ғана емес, күллі спорт сүйер қауымның қуанышы болды.

Мектеп ұжымы мен бапкерлер құрамы шәкірттерінің жетістігін зор мақтанышпен атап өтті.

«Елдардың бұл табысы – оның жеке еңбегінің және спортқа деген адалдығының жемісі. Ол өзіне сеніп, үлкен жауапкершілікпен дайындалды. Мұндай жетістік жас ұрпаққа үлгі», – дейді мектеп басшылығы.

Елдардың басты арманы – халықаралық жарыстарда еліміздің көк туын биікте желбіретіп, болашақта әлем чемпионы атану. Жас спортшының бұл табысы мектептегі өзге оқушылардың да спортқа деген ынтасын арттыра түсті.

Алматы облысының білім беру ұйымдары мен спорт мектептері жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және дарынды спортшыларды тәрбиелеу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Елдар сынды табанды жастардың жетістігі – сол еңбектің айқын дәлелі.

Осындай жеңістер арқылы еліміздің жастары өздерінің биік мақсаттарға жетуге қабілетті екенін дәлелдеп келеді. Маратов Елдарды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Ол алдағы уақытта да ел абыройын асқақтатып, жаңа белестерді бағындыра берсін!

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz