Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының медицина мекемелері 84 дана жабдықпен қамтылады

Мұны Алматы облысы жұртшылығымен кездесу өткізген ҚР Денсаулық министрі Ажар Ғиният айтты.

20.04.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда елімізде медициналық мекемелердің жаңа аппараттармен қамтылуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қазақстандағы аурухана, емхана секілді мекемелерге 965 дана заманауи жабдықтар табыс етіледі. Оның ішінде, Алматы облысына 84 жабдық беріледі.

Сондай-ақ министр осы жоба аясында инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсете алатын, сондай-ақ ірі қалаларға барудың қажеттілігінсіз, оның ішінде телемедицина және басқа да мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсете алатын 32 ауданаралық аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу және реконструкция жүргізілетінін айтты. Ал Алматы облысында 2 ауданда ауданаралық орталық аурухана ұйымдастыру жоспарланған (Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандары).

«2023 жылы ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде 307 медицина қызметкері, оның ішінде 54 жалпы практика дәрігері, 253 орта медицина қызметкері даярланады. Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2023 жылы мамандандырылған медициналық көмекпен қосымша 2,4 млн. астам ауыл тұрғыны қамтамасыз етілетін болады», — деді министр.

Бұдан бөлек, аталған жобаның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісін, оның ішінде Алматы облысында 38 нысан салу жоспарланып отыр.

Тегтер: Ажар ҒиниятАлматы облысыДСМ

Соңғы жаңалықтар

AUYL SPORT–2026: Алматы облысының спортшылары бес алтын жеңіп алды

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді — Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Тоқаев қазақ тілінің шет тілдерімен байланысын кеңейтуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Президент: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Президент: Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz