Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының экспорттаушылары халықаралық нарықтарға шығу үшін жаңа білім алады

Экспорттық әлеуетті дамыту – елдің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған стратегиялық міндеттердің бірі. Осыған орай, Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы мен Қазақстан Республикасының Экспорттаушылар қауымдастығы өңір кәсіпкерлеріне арналған арнайы оқыту және біліктілікті арттыру семинарын өткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2025
Аймақ, Алматы облысы

Семинардың негізгі мақсаты – жергілікті тауар өндірушілердің халықаралық нарықтардың қазіргі заманғы талаптарына бейімделуіне көмектесу және өнімдерін шетелге табысты экспорттауға жағдай жасау.

Экспорттаушылар қауымдастығының мәліметінше, бүгінде Қазақстан экспорты жалпы тауар айналымының 65,1%-ын құрайды, оның басым бөлігі минералды өнімдер мен металдарға тиесілі.

Семинар барысында қатысушылар халықаралық стандарттардың заманауи талаптары, өнімді аккредитациялау және сертификаттау рәсімдері, жеткізілімнің логистикалық аспектілері мен мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша білім алды. Сонымен қатар, экспорттық қызметтегі салық, кедендік рәсімдеу және шетелдік нарықтарға шығудағы тәуекелдерді төмендету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Бүгінде экспорттық қызмет тек өнім сапасын ғана емес, сонымен қатар заңдық және экономикалық тұрғыдан сауатты жүргізуді де талап етеді. Біз кәсіпкерлерге халықаралық нарықтарға шығудың тиімді стратегияларын меңгеруге, шығындарды азайтуға және сенімді серіктестер табуға көмектесеміз», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Экспорттаушылар қауымдастығының төрайымы Гүльмира Юсупова.

Өз кезегінде, Алматы облысының өңірлік дамыту орталығының экспортты дамыту бөлімінің басшысы Нұртас Мелдехан мұндай семинарлардың өңірдің экспорттық әлеуетін дамытудағы маңыздылығын атап өтті.

«Кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру және заманауи тәжірибелерді енгізу экспорт көлемінің өсуіне ғана емес, сонымен қатар қазақстандық өнімнің жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді. Біз, өз кезегімізде, Алматы облысының тауар өндірушілеріне экспорттық жеткізілімдерді ұйымдастыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Өңірлік дамыту орталығы экспорттаушыларға шетелдік компаниялармен әріптестік орнатуға және халықаралық нарықтарға сәтті шығуға белсенді түрде жәрдемдесуде», – деп қорытындылады Нұртас Мелдехан.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz