Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының дәрігерлері бес жастағы қыздың өмірін аман алып қалды

Алматы облысында дәрігерлердің кәсібилігі мен жедел қимылының арқасында бес жастағы қыз аман қалды. Бірнеше күн бұрын Шелек ауылындағы №1 аудандық ауруханаға бүлдіршін ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлер оған жедел гангренозды-перфоративті аппендицит, жамбас қуысының абсцессі, тифлит, іріңді перитонит, сепсис және бактериялық-токсикалық шок диагнозын қойған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Науқастың анасының айтуынша, отбасы бір апта бойы өздігінен емделуге тырысқан. Соның салдарынан баланың жағдайы күрт нашарлап, өміріне қауіп төнген.

Аурухананың хирургтары бөлім меңгерушісі Еракин Қожабековтің жетекшілігімен жедел түрде лапаротомия, аппендэктомия, санация және жамбас қуысына дренаж жасау операциясын сәтті өткізді. Отаға дәрігерлер Исмаил Абдуллаев пен Жандос Өтемісов те қатысты.

Шұғыл хирургиялық араласудан кейін аурухана директорының міндетін атқарушы Алмас Құдайбергенов бүлдіршінді тексеріп, оны балалар хирургиясы бөліміне ауыстырды. Қазір қыздың жағдайы тұрақты, оған қарқынды терапия жүргізілуде.

Аурухана басшылығы атап өткендей, баланың өмірін сақтап қалуға хирургтар, анестезиологтар және бүкіл медициналық персоналдың кәсіби біліктілігі мен үйлесімді жұмысы септігін тигізді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz