Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының ауылдарында 21 жаңа медициналық нысан ашылады

Алматы облысының ауылдарында жыл соңына дейін 21 жаңа медициналық нысан іске қосылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ұлттық «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайтын 38 нысанның құрылысы бекітілген. Бүгінгі таңда оның 17-сі пайдалануға берілді, ал тағы жетеуін жергілікті бюджет есебінен салу басталды.

Жамбыл ауданында жаңа поликлиника бой көтеруде. Сондай-ақ Қарасай, Райымбек, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында дәрігерлік амбулаториялар салынуда. Ұлттық жобаның мақсаты – шалғай ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету. Жаңа нысандар заманауи диагностикалық кабинеттермен және инженерлік жүйелермен жабдықталады. Енді тұрғындар ем алу үшін аудан орталықтарына бармай-ақ, өз ауылында қызмет ала алады.

«Жаңа медпунктте науқастарға көмек көрсетуге қажетті барлық жағдай жасалған. Бұрын мұндай мүмкіндік болмаған. Қазір электрокардиограф, алғашқы көмек көрсетуге арналған құрылғылар орнатылды, буын ауруларын емдейтін кабинет ашылды. Ең қажетті жабдықтардың барлығы қарастырылған», — дейді фельдшер Майра Есбаева.

Жаңа медициналық нысандардың іске қосылуы ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтуға серпін берме

«Бұрын жағдай өте қиын еді. Медпункт екі-ақ бөлмеде орналасып, шатырынан су ағатын. Бұл мәселені талай рет көтердік. Енді жаңа ғимарат салынып, біз бұған өте қуаныштымыз», — Қали Өтелбаев, Саурық батыр ауылының тұрғыны.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz