Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жүргізуші полиция қызметкерін көлікпен сүйреп әкеткен 

Қорлан Нұрланқызы
29.10.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізуші полицейді өз көлігімен сүйреп әкеткен, деп хабарлайды alataunews.kz.

Байсейіт ауылында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, полиция капитаны Қанат Темірбаев пен Эльдар Махмудов жол ережесін бұзғаны үшін Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатқан.

Хаттаманы толтыру кезінде Достық ауылының 34 жастағы жүргізушісі заңды талаптарға бағынбаған. Полицейлерді елемей, ол көлікке отырып, капитан Темірбаевтың саусақтарын есігімен қысып қалғанына қарамастан, орнынан жылдам қозғалып, офицерді шамамен 10-15 метр сүйреп өтті. Полиция қызметкері тасжолдың үстіне құлап, жарақат алды.

Құқықбұзушы тәртіп сақшыларынан жасырынуға тырысқан. Көп ұзамай ол ұсталып, Шелек ауылының полиция бөліміне жеткізілді.

«Билік өкіліне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, ал жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сонымен қатар оған жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр», — делінген полиция таратқан хабарламада.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Президент БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Диана Ахметова
25.06.2026

ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨМІРДІ САҚТАУДЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Диана Ахметова
25.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz