Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасуда

Екі аптаға жуық уақыттан бері Алматы облысында Қарулы күштердің Әуе қорғаныс күштеріне тиесілі EC-145 тікұшағын іздеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Мемлекеттік құрылымдар жұмылдырылған бұл операция – соңғы жылдардағы ең ауқымды іздеу-құтқару шараларының бірі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

2025 жылғы 25 шілдеде жоспарлы ұшу барысында радардан жоғалып кеткен тікұшақтың тағдырына қатысты нақты дерек әлі де анықталған жоқ. Алайда Қорғаныс, Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктерінің мамандары барлық мүмкін ресурстарды жұмылдырып отыр.

Қазіргі таңда іздеу жұмыстарына:

  • 330-дан астам маман,

  • 59 бірлік техника,

  • 23 су көлігі,

  • 12 ұшқышсыз аппарат,

  • эхолоттар, георадарлар, авиация және кинологиялық топтар қатысуда.

ҚР Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Даурен Қосановтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі департаментінің тәжірибелі мамандары енгізілген. Комиссияның бір бөлігі іздестіру жұмыстарына атсалысса, екінші бөлігі оқиғаның себептерін анықтауға бағытталған техникалық тергеу жүргізуде.

Қиын рельеф, лайлы су түбі, су астындағы көрінбеушілік пен құбылмалы ауа райына қарамастан, іздеу тәулік бойы жалғасуда. Көл жағалауы, су айдындары, тікұшақ ұшып өткен бағыт мұқият тексеріліп жатыр. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу мекемелері мен арнайы техникамен жабдықталған ұйымдар да тартылып, жерүсті және суасты іздеу жұмыстарына үлес қосуда.

«Техникалық тергеу шеңберінде ұшу алдындағы құжаттама, метеожағдай, құс фаунасының белсенділігі, құқық қорғау органдары мен авиациялық құрылымдар ұсынған материалдар сарапталуда», — дейді ҚР Әуе қорғаныс күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Асқар Ізбасов.

Іздеу жұмыстары экипаж мүшелерінің тағдыры мен апаттың себептері толық анықталғанға дейін жалғасатын болады.

Бұл жағдай ел назарын аудартып, авиациялық қауіпсіздік пен төтенше жағдайларға дайындық мәселесіне қоғамда ерекше көңіл бөлінуіне түрткі болды. Іздеу тобының үйлесімді жұмысы мен мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдау – жоғалған тікұшақты табуға үміт отын сөндірмей отыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Президент Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
13.09.2026

Алматы облысында жоғалып кеткен оқушылар мен мұғалімдер аман табылды

Қорлан Нұрланқызы
13.09.2026

Алматы облысындағы бірқатар тұрғын үй кешені жарықсыз қалуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
12.09.2026

Алматы облысының автобус паркі 1 млрд теңгеге жуық шығынға батты

Қорлан Нұрланқызы
12.09.2026

Алматы облысында дәстүрлі «Бақ күні» өтті

Мөлдір Иманмади
11.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz