Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XXI маусымы басталды

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа – XXI маусымы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

2005 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан бұл бағдарлама жастарды табиғатты қорғауға, экологиялық сананы қалыптастыруға және еңбекке баулуға бағытталған.

Биылғы маусымда облыстың 9 ауданы мен 2 қаласында 14 пен 35 жас аралығындағы 1000-нан астам жас сарбаз маусымдық жұмыспен қамтылады. Жоба аясында әлеуметтік осал топтағы, көпбалалы отбасылардан шыққан және NEET санатындағы жастарға басымдық берілген.

Жас сарбаздар өңірде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын атқарады. Оларға арнайы жұмыс киімдері беріліп, еңбекақы төленеді. Бұл бастама «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған экологиялық шаралардың жалғасы болмақ.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін қатысушылар Қапшағай су қоймасының жағалауында тазалық акциясын өткізіп, демалушылар арасында экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаны қорғау тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жоба аясында еңбек еткен жастарға ай сайын орта есеппен 85 мың теңге көлемінде жалақы төленеді. Соңғы үш жылда Алматы облысында «Жасыл ел» қатарында 3 мыңға жуық жас маусымдық жұмыспен қамтылған, оның 70 пайызы – ауыл жастары.

«Жасыл ел» – бұл тек маусымдық жұмыс емес, қоғамға пайдалы іс пен болашақ ұрпаққа жарқын үлгі», – деді Алматы облыстық мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Нұрдәулет Сұлтан Нұрғайыпұлы.

Салтанатты жиынға Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мәди Ахметов және Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков қатысты.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz