Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жас таланттарға арналған «JAS STARS» өнер байқауы өтті

Алматы облысының Қарасай ауданында жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған «JAS STARS» өнер байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Қорлан Нұрланқызы
12.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Шараны облыстық жастар ресурстық орталығы өткізді. Оның негізгі мақсаты — өнер саласындағы дарынды жастарды қолдау, олардың қабілеттерін шыңдау және командалық рухты күшейту.

Байқау екі кезеңнен тұрды: іріктеу және финал. Қатысушылар үш бағыт — вокал, би және музыкалық аспапта ойнау бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Шыңғыс Мұқашевтың айтуынша, мұндай жобалар жастардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, жаңа серпін береді.

«Алматы облысының әр өңірінен келген 11 команда өзара бақ сынады. Әрқайсысы ерекше дайындықпен келіп, сахнада шынайы талантын көрсетті», – деді ол.

Финал қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтарға ие болды:

  • І орын — Қарасай ауданы (350 000 теңге);
  • ІІ орын — Қонаев қаласының «Өнер» мектебі (250 000 теңге);
  • ІІІ орын — Балқаш ауданы (150 000 теңге).

Кештің көркін танымал эстрада жұлдыздары мен музыкалық топтар қыздырып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «JAS STARS» байқауы алдағы жылдары дәстүрге айналып, өңір жастарының шығармашылық дамуына серпін беретін тұрақты жоба болмақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz