Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жаңа оқу жылында 362 мың оқушы мектепке барады

1 қыркүйекте Алматы облысындағы мектептердің табалдырығын 362 мың оқушы аттайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Биыл алғаш рет партаға 30 мыңнан астам бүлдіршін отырмақ, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жаңа оқу жылына дайындық аясында оқулықтарға шамамен 3 млрд теңге бөлінді. Әлеуметтік санаттағы 60 мыңнан астам оқушы мектеп формасы мен кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, облыстағы 176 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтылса, ауылдық жерлердегі 35 мың оқушыға ас мәзірі тегін жеткізіледі.

2025 жылы өңірде 17 940 түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 1 432 оқушы «Алтын белгіге», ал 1 513 түлек үздік аттестатқа үміткер. Барлығы 7 681 түлек мемлекеттік грант иеленсе, облыс әкімінің бастамасымен қосымша 30 атаулы грант та бөлінбек.

Алматы облысының оқушылары халықаралық деңгейде де жетістіктерімен көзге түсіп жүр. Мәселен, «Дана» мектебінің оқушысы Ільжанов Жангир Грекияда өткен халықаралық экономика олимпиадасында үздік ондыққа енді. Ал өңірдің жас өнертапқыштары Дубайда өткен First Off-Season жарысында екі бірдей бас жүлдені жеңіп алып, робот техникасы бойынша әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік алды.

Білім инфрақұрылымы да дамып келеді. Биыл облыста 9 жаңа мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл үш ауысымды оқыту мәселесін толық шешуге жол ашады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz