Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жаңа әуежай салынады

Алматы облысында жаңа халықаралық әуежайдың құрылысы жоспарланып отыр. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін "Алматы-2" вокзалынан әуежайға дейін аэроэкспресс желісі іске қосылады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұл жылдам пойыздың жол жүру уақыты 40-60 минут аралығын құрайды. Бұл туралы alataunews.kz Shishkin_like Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысында «Алатау» халықаралық әуежайының құрылысы жоспарланып отыр. Заманауи талаптарға сай жаңа әуе хабы Жаңаарна ауылы маңындағы полигон аумағында бой көтереді. Бұл туралы Алматыда өткен архитектуралық конференцияда белгілі болды, онда «Алатау» қаласының жобасы таныстырылды.

Жаңа әуежай Алматы қаласынан 29 км, Қонаевтан 25 км қашықтықта, қаланың батыс шекарасында орналасады. Бұған дейін құрылысқа екі нұсқа қарастырылған болатын:

  • Қапшағай су қоймасының маңы
  • Жаңаарна ауылына жақын полигон аумағы

Қауіпсіздік талаптарына байланысты бірінші нұсқа қабылданбады, себебі әуежайдың су қоймасына жақын орналасуы ұшу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін еді. Алайда, таңдалған аймақ та қосымша зерттеуді қажет етеді, себебі ол Сорбұлақ арнасынан пайда болған көлдерге жақын орналасқан. Бұл экологиялық және пайдалану тұрғысынан белгілі бір қауіптер тудыруы мүмкін.

«Алатау» халықаралық әуежайы жылына 40 миллион жолаушыға дейін қызмет көрсетеді. Құрылыс үш кезеңде жүзеге асады:

  • Бірінші кезеңде – 10 миллион жолаушы,
  • Екінші және үшінші кезеңдерде – әрқайсысында 15 миллион жолаушыға дейін қамту жоспарланған.

Сондай-ақ, әуежай жылына 1,85 миллион тонна жүк өңдеуге қауқарлы болмақ.

Жаңа әуежайды Алматымен байланыстыру үшін ұзындығы 55 км болатын теміржол желісі салынады.

  • «Алматы-2» вокзалынан жаңа әуежайға дейінгі аэроэкспресс сапары 40-60 минутты құрайды.
  • Қонаев қаласынан да арнайы аэроэкспресс бағыты іске қосылады.
  • Әуежай маңында жаңа теміржол вокзалы салынып, жолаушылар ағынын жеңілдету көзделген.
  • 2030 жылға дейін көлік-логистикалық хабты қоса алғанда, 500 мың шаршы метр инфрақұрылым нысандары бой көтереді.

Жаңа әуежайдың салынатын аумағы ауыл шаруашылығына жарамсыз және ешқандай құрылыс нысандары жоқ, бұл инфрақұрылым шығындарын айтарлықтай азайтады.

Дегенмен, жобаны кім жүзеге асыратыны, оның жалпы құны мен қаржыландыру көздері туралы нақты ақпарат әзірге белгісіз. Алматы облысының әкімдігі бұл мәселелерге қатысты ресми түсініктеме бермеді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz