Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Үкімет отырысында өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Оның айтуынша, өңірде тіркелген жұмыссыздар саны азайып келеді. Жаңа жұмыс орындары Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы және инвестициялық жобалар аясында ашылмақ.

Инвестициялық навигаторда жалпы сомасы 1,7 трлн теңгені құрайтын 73 жоба тіркелген. Осы жобалар аясында 21 мың жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Өңірлік карта аясында жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 2820 тұрақты жұмыс орны құрылмақ. Ал «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы» аясында 450-ден астам жұмыс орны ашылады.

«Тек абсолютті көрсеткіштерді ғана емес, жалпы жұмыс күшіндегі жұмыссыздықтың үлесін де ескеру маңызды. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,7%-дан 4,6%-ға төмендеді», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ әкім жұмыссыздармен жүргізіліп жатқан жұмыстың еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай жүргізіліп жатқанын атап өтті. Кәсіби оқыту арқылы 800-ден астам адам тұрақты жұмысқа орналасатын болады. Олардың басым бөлігі дағдыларды тікелей кәсіпорындар жанында, тәжірибе арқылы меңгеріп жатыр. Сонымен қатар 5,2 мың адам онлайн оқытудан өтіп, жаңа құзыреттерге ие болды.

Еңбек саласындағы тиімділікті арттыру мақсатында бірқатар цифрлық жобалар іске асырылуда. Мысалы, студенттерге тәжірибе орындарын таңдауға және жұмыс берушілерге үміткерлерді автоматты түрде іріктеуге мүмкіндік беретін «Өндірістік тәжірибе» цифрлық сервисі сәтті жұмыс істеуде. Сондай-ақ «Мансап компасы» және «Enbek.kz» платформалары да белсенді түрде қолданылып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Число погибших из-за пожара в «Центре плова» в Щучинске выросло до 12 человек

Николай Иващенко
19.04.2026

Лазерное освещение появилось в области Жетысу на трассе «Ушарал – Достык»

Николай Иващенко
19.04.2026

В Алматинской области взорвался дом: пострадала семья

Николай Иващенко
19.04.2026

В Жамбылском районе расширяют посевные площади за счёт пастбищных земель

Николай Иващенко
19.04.2026

В «Городе кочевников» появился экопарк: высажено 500 деревьев

Николай Иващенко
18.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz