Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында заманауи орман питомнигі салынады

Қазақстанда жасыл желекті молайту және экологиялық қауіпсіздікті нығайту бағытында жүйелі шаралар қолға алынуда. Осы мақсатта «Семей орманы» мемлекеттік мекемесінің табысты тәжірибесі Алматы облысында қолданылмақ. Жоспарға сәйкес, Қонаев қаласында заманауи орман питомнигінің құрылысы басталады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жоба аясында жабық түбірлік жүйе негізінде жылына 6 миллионға дейін көшет өсіретін кешен бой көтермек. Бұл әдіс өсімдіктердің жерсіну көрсеткішін арттырып, өңірдің орман қорын тиімді толықтыруға жол ашады. Құрылыстың жалпы құны 3,5 млрд теңге деп бағалануда. Жоба лизинг тетігі арқылы және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Қазірдің өзінде 9 гектар жер телімі бөлініп, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр.

Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қанат Нүсіпбаев бұл бастаманың стратегиялық маңызын атап өтті:
«Қонаев қаласында орман питомнигін құру – өңірді сапалы көшет материалымен қамтып қана қоймай, аймақаралық деңгейде жеткізілім жасауға мүмкіндік береді. Бұл экологиялық тепе-теңдікті сақтауға әрі тұрғындардың өмір сапасын арттыруға елеулі үлес қосады», – деді ол.

Жоба ормандарды қалпына келтірумен қатар жаңа жұмыс орындарын ашып, агробизнес үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады. Сондай-ақ, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басымдықтарға толық сай келеді. Президент табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен экологияны қорғауды, сондай-ақ «жасыл экономиканы» орнықты дамудың негізгі тірегі ретінде дамытуды ерекше атап өткен болатын. Сарапшылардың пікірінше, Қонаевтағы питомниктің іске қосылуы өңірдің экологиялық инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеріп, еліміздің оңтүстігіндегі орманды қалпына келтіру жұмыстарына тың серпін береді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Число погибших из-за пожара в «Центре плова» в Щучинске выросло до 12 человек

Николай Иващенко
19.04.2026

Лазерное освещение появилось в области Жетысу на трассе «Ушарал – Достык»

Николай Иващенко
19.04.2026

В Алматинской области взорвался дом: пострадала семья

Николай Иващенко
19.04.2026

В Жамбылском районе расширяют посевные площади за счёт пастбищных земель

Николай Иващенко
19.04.2026

В «Городе кочевников» появился экопарк: высажено 500 деревьев

Николай Иващенко
18.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz