Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында үш жылда 483 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Алматы облысында 2022 жылдан бастап жерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында жүйелі әрі жоспарлы жұмыс жүргізіліп келеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Осы уақыт аралығында жалпы аумағы 483,6 мың гектарды құрайтын 1 488 жер телімі мемлекет қорына қайтарылды. Бұл шаралар жер ресурстарын тиімді пайдалану және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру мақсатында жүзеге асырылуда.

Мемлекетке қайтарылған жер телімдері кезең-кезеңімен игерілу үстінде:

  • 165,6 мың гектар конкурс арқылы ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді;

  • 142,3 мың гектар ауылдық округтерге бекітіліп, тұрғындарды жайылыммен қамтамасыз етуге бағытталды;

  • 18,6 мың гектар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға берілді.

Бұл жұмыстар жердің мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.

2022–2025 жылдар аралығында аудан және қала әкімдіктері ҚР Жер кодексінің 92, 94 және 147-баптарына сәйкес жалпы аумағы 195,6 мың гектарды құрайтын 930 пайдаланылмай жатқан жер учаскесіне қатысты материалдарды Жер ресурстарын басқару департаментіне (ЖРБД) жолдады.

2025 жылдың басынан бері Қонаев қаласының әкімдігі де бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтті. Биылғы жылдың өзінде ғана ЖРБД-ға 55 жер учаскесіне қатысты құжаттар жолданған. Оның ішінде:

  • 42-сі – коммерциялық,

  • 13-і – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер.

Аталған учаскелер Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің маңында орналасқан. Сонымен қатар, жер пайдаланушыларға 61 ескерту-хат жіберіліп, заң талаптарын орындау қажеттілігі түсіндірілді.

Жерді мемлекетке қайтару аясында бұрынғы лауазымды тұлғаларға тиесілі жерлер бойынша да тексеру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған деректер қатарында:

  • 2006 жылы Іле ауданы әкімдігінің қаулысымен «Монтажник» шаруашылығына 13 883,9 га жер бөлінген;

  • 2005–2007 жылдары «DALA INVEST GROUP» ЖШС-не 2 952,07 га жер берілген;

  • 2022 жылы «AL-AGRO GROUP» ЖШС-не 44,93 га жер нотариалдық келісім негізінде өткен;

  • Алатау қаласында 28,7 га жер телімі тіркелген;

  • 2013–2025 жылдар аралығында «Billboards Empire» ЖШС Іле ауданында, Қонаев және Алатау қалаларында жарнамалық билбордтарға арналған 38 жер учаскесін рәсімдеген.

Барлық шешімдер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылдануда. ҚР Жер кодексінің 147-бабына сәйкес, жерді бөлу және пайдалану заңдылығын тексеру құзыреті Жер ресурстарын басқару департаментіне жүктелген.

Қажетті шаралар қабылданғаннан кейін қосымша ақпарат ресми түрде жарияланатын болады.

Бұл жұмыстар облыс тұрғындарын жайылым жермен қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы мен инвестициялық жобаларды дамытуға және жер ресурстарын тиімді игеруге жол ашпақ.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz