Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында туған әкесін соққыға жығып өлтірген ер адам 9 жылға сотталды

Алматы облысында туған әкесін аяусыз соққыға жығып, өліміне себеп болған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.04.2026
Аймақ, Алматы облысы

Сот мәліметінше, қайғылы оқиға 2024 жылғы 10 қазанда Райымбек ауданындағы Қайнар ауылында болған. Айыпталушы мен әкесі арасында тұрмыстық жанжал туындап, соңы қайғылы жағдайға ұласқан.

Тергеу материалдарына сәйкес, алкогольдік масаң күйде болған ер адам әкесінің басы мен денесіне қолымен және аяғымен бірнеше мәрте соққы жасаған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы жәбірленушінің өлімі кеуде қуысына келтірілген ауыр жарақаттар салдарынан болғанын көрсетті. Қабырғалардың сынуы мен өкпенің зақымдануы травматикалық шокқа алып келген.

Сарапшылар марқұм денесінде кемінде 15 соққы ізі болғанын анықтаған. Бұл жарақаттар өмірге қауіпті ауыр дене жарақаты ретінде бағаланған.

Сот барысында айыпталушы кінәсін мойындамаған. Алайда тергеу кезінде берген жауаптары мен жиналған дәлелдер оның қылмысқа қатысы бар екенін толық растаған.

Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстың ауырлығын, сотталушының бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын және жәбірленуші тараптың кешірім бергенін ескерген. Сонымен қатар қылмыстың мас күйде жасалуы жазаны ауырлататын мән-жай ретінде бағаланған.

Бұдан бөлек, сотталушыдан сараптама шығындары өндіріліп, жәбірленушілерге өтемақы қорына міндетті төлем жүктелді. Үкім заңды күшіне енген.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz