Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тұмау жұқтырғандар көбейді

Қорлан Нұрланқызы
17.12.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысында 127 мыңнан астам адам тұмаумен ауырған, деп хабарлайды alataunews.kz 24.kz дерегіне сілтеме жасап.

Науқастардың 65 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Дегенмен, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 23,9 пайызға төмендегені байқалады. Эпидемиологиялық тексеру барысында аденовирус, парагрипп сияқты респираторлық вирустар анықталған.

Мамандардың айтуынша, зертханалық зерттеулер нәтижесінде алдағы уақытта A типті тұмау вирусының басымдық танытуы мүмкін.

Тұмау облыс орталығы – Қонаев қаласында да өршіп тұр. Қалалық ауруханаға күн сайын 100-ден астам адам жүгінеді.

“Көбінесе жөтел, тұмау белгілерімен, мұрынның бітелуі, тамақтың қышуы және құрғақ жөтелмен келеді. Алдын алу үшін қолды антисептикпен жуып, жеке тазалықты сақтау, жылы су ішу және адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу қажет. Ауырып жүргендер міндетті түрде маска тағуы керек. Сонымен қатар, профилактика ретінде “Оксолин” жақпа майын қолдану және витаминдер қабылдаған жөн”, — дейді дәрігер-инфекционист Асылбек Берікбаев.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz