Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында ауқымды шаралар өтті

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл игі бастамаға қоғамдық бірлестіктер, жастар, еріктілер, этнос өкілдері мен кәсіпкерлер белсене атсалысып келеді. Бүгін облыс орталығында өткен экологиялық акция да осы серпінді жұмыстың айқын көрінісі болды.

Эковолонтерлердің айтуынша, тек қоршаған ортаны тазарту жеткіліксіз – ел болашағы үшін сананы жаңғырту, азаматтық жауапкершілікті арттыру мен қоғамдық бірлікті нығайту қажет. Өйткені біз келер ұрпаққа тек таза табиғатты ғана емес, сонымен қатар таза ой-сананы, биік құндылықтарды мұраға қалдыруымыз керек. Осындай шараларға қоғам өкілдері мен кәсіпкерлердің белсенді қатысуы ортақ іске деген сенімді күшейтіп, зор үміт сыйлайды.

Жалпы, жыл басынан бері облыс бойынша «Таза Қазақстан» бағдарламасына 150 мыңнан астам адам мен 8 мыңнан астам кәсіпорын қатысып, 60 453 түп ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, 539 тарихи-мәдени ескерткіш пен 1054 әлеуметтік нысанның айналасы тазартылды.

Таза табиғатты сақтау жолындағы бұл ізгі бастама алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында нөсерден кейін Тұрген өзені тасып, туристер эвакуацияланды

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2026

Жаңа Конституция – ел дамуының берік негізі

Диана Ахметова
02.07.2026

Алматы облысында техникалық білім беру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2026

Әлеуметтік желілер арқылы жастарды есірткі саудасына қалай тартады?

Диана Ахметова
02.07.2026

Құрылтай сайлауы: ОСК жеті саяси партияны сайлауға қатысуға тіркеді

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz