Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тауда жарақат алған ер адам құтқарылды

Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан Сол жақ Талғар шатқалында демалып жүрген туристік топ мүшелерінің бірі жарақат алып, құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

ТЖМ мәліметінше, ер адам аяғын қайырып алып, жүре алмай қалған. Оқиға орнына шұғыл түрде ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді.

Құтқарушылар жарақат алған туристке жету үшін таулы, қиын соқпақтармен жаяу көтеріліп баруға мәжбүр болды. Зардап шеккен азаматқа оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол арнайы зембілдің көмегімен 3200 метр биіктіктен, тік және тасты тау жолдарымен қауіпсіз жерге дейін түсірілді.

Құтқару жұмыстары күрделі жағдайда жүргізілді. Жолдың қиындығы мен зардап шеккен азаматтың салмағы (90 келіден жоғары) құтқару процесін едәуір қиындатты. Соған қарамастан, құтқарушылар кәсіби біліктілік пен жоғары дайындықтың үлгісін көрсетті.

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының шапшаң әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде ер адам сәтті эвакуацияланып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне аман-есен тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі таулы аймақтарға шыққанда қауіпсіздік талаптарын сақтауды және туристік бағыттарға кәсіби гидтердің жетекшілігімен баруды ескертеді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz