Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында су тасқынына дайындық басталды

Облыс әкімінің қаулысына сәйкес 19 ақпаннан бастап өңірде су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі басталды, - деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
21.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Алматы облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Дәурен Азаматов өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтты.

Қазіргі уақытта, елді мекендерден 3,1 мың м3 қар шығарылды. Сонымен қатар,154,8 шақырым арық желілері, 48,2 шақырым каналдар, 87 бірлік автожол және 7 бірлік темір жол астындағы су өткізу,27,2 шақырым су бұру каналдары қазылды.

Өз баяндамасында Дәурен Азаматов су тасқыны қаупі бар 27 елді мекен бар екенін, оның 7-де қауіп толығымен жойылып, 20 аймақта қауіп азайтылғанын атап өтті.
Көктемгі кезеңдегі төтенше жағдай салдарын жою үшін облыс аумағында жеке құрамның 1326 астам адамы , 471 бірлік техника, 29 жүзу құралы, 120 мотопомпа техникасы жұмылдырылды.
Спикердің айтуынша, Еңбекшіқазақ,Талғар,Кеген және Қарасай аудандарындағы 12 елді мекенде жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы 88 су өткізу құбыры ауыстырылып, 435 шақырым арық-канал жүйесі қайта жаңартылған.

«Профилактикалық мақсатта аумақтық ТЖД-нің аудандық бөлімшелері 123 елді мекенді қамтып, 92 рейд жүргізді. Одан бөлек «Көктем-2024» оқу-жаттығу барысында бес су тасқыны қаупі бар 1,8 шақырым арықтар мен каналдар, 73 автожол астындағы су өткізу құбырлары тазартылды. Нәтижесінде су тасқыны қаупі барынша азайды», — деді Дәурен Азаматов.

Еске салайық, су тасқыны болған жағдайда құтқару қызметіне «112 «нөмірі бойынша хабарласу қажет!

Тегтер: Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіДәурен Азаматовкөктемгі кезеңге дайындықсу басу қаупісу тасқынытөтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz