Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында сел қаупі сейілді

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Өңірде биыл сел қаупі ерекше жоғары болды. Таулы аймақтарда мұздықтардың қарқынды еруі мен мол жауын-шашын өңірдегі жағдайды күрделендіріп, табиғи апат қаупін күшейтті. Дегенмен, Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» мамандарының үйлесімді және жедел жұмыстарының арқасында сел қаупі сейілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Азаматовтың айтуынша, ең қауіпті учаскелер Талғар, Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарында тіркелген. Бұл аудандардағы мұздықтардан толатын тау өзендері, әсіресе Талғар, Түрген және Қаскелең өзендері сел қаупін тудырды. Дер кезінде қабылданған шаралар апаттардың алдын алуға мүмкіндік берді.

«Биыл біз 34 бақылау бекетін орнатып, 152 жерүсті және 5 әуеден тексеру жұмыстарын жүргіздік. Қауіпті аймақтарға 16 ескерту белгілері орнатылып, жағдайды үнемі бақылауда ұстадық”,– деп атап өтті Дәурен Азаматов.

«Қазселденқорғау»ММ басшысының орынбасары Айдын Бошкаев нақты шаралар қабылдаудың арқасында сел қаупін азайту мүмкін болғанын айтты.
“Мореналық көлдердегі су деңгейін төмендету үшін сифонды құбырлар орнатылып, арналар тереңдетілді, бұл сел қаупін едәуір төмендетуге көмектесті”,-деді ол.

Алматы облысында биылғы сел қаупі кезеңі табысты аяқталды. Дегенмен, мамандар табиғаттың тосын мінезіне әрдайым дайын болу керектігін ескертеді. Өңірде 285 мореналық көлдің 76-сы қауіпті деп есептеледі. Сондықтан бақылау жұмыстары тұрақты түрде жалғаса береді.

Сел қауіпінің алдын алу шаралары 4 мыңға жуық тұрғынды және 1000-нан астам нысанды қауіптен қорғауға мүмкіндік берді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz