Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында құтқарушы мамандығын насихаттау шарасы өтті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осыған орай, Алматы облысы Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Талғар қаласындағы орта мектеп оқушылары арасында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2025
Аймақ, Алматы облысы

Шара барысында оқушыларға азаматтық қорғау саласының маңыздылығы түсіндіріліп, құтқарушы болудың артықшылықтары мен жауапкершілігі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша арнайы нұсқаулық өткізілді. Мамандар оқушыларға жылыту маусымында өрттің алдын алу жолдарын түсіндіріп, өрт сөндіргіш құралдарын дұрыс пайдалану әдістерін тәжірибелік түрде көрсетті.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік ережелері туралы білім деңгейін арттыру және азаматтық қорғау мамандығының беделін көтеру. Кездесу барысында жоғары сынып оқушылары Азаматтық қорғау академиясына түсуге үлкен қызығушылық танытып, төтенше жағдай мамандарына өз алғыстарын білдірді.

Алматы облысы ТЖД бұл бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыра отырып, жас ұрпақтың құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын арттыруды көздейді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz