Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында құрылыс сапасына бақылау күшейтілді

Алматы облысында құрылыс сапасын арттыру және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы бақылау шаралары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының есебінде айтылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Есептік кезеңде басқармаға 42 азамат жеке қабылдауға келіп, өтініштеріне заңға сәйкес жауап алған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы 238 нысаннан хабарлама тіркелген.

Заң бұзушылықтар бойынша хаттамалар толтырылды

Жоспардан тыс тексерулер барысында 70 нысанда заң бұзушылықтар анықталып, хаттамалар толтырылды. Оның ішінде:

  • 21 іс ауданаралық соттарға жолданды;

  • 49 құрылыс субъектісіне 28 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Құрылыс нормалары бұзылған нысандар

Тексеру барысында құрылыс талаптарының сақталмауы бірнеше аудандарда тіркелді. Солардың қатарында:

  • Іле ауданы – Өтеген батыр ауылындағы 72 пәтерлі тұрғын үй, Көкқайнар ауылындағы дәрігерлік амбулатория;

  • Балқаш ауданы – Жиделі ауылындағы саябақты абаттандыру;

  • Кеген ауданы – Мойнақ су электр станциясының оқу-өндірістік кешені;

  • Райымбек ауданы – Сүмбе өзеніндегі су алу және қайта жаңарту жұмыстары;

  • Еңбекшіқазақ ауданы – Есік қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлер аумағын абаттандыру жұмыстары.

Рұқсатсыз құрылыс – сотқа жіберілді

Мониторинг барысында рұқсат құжаттарынсыз салынған 16 коммерциялық нысан анықталды. Бұл нысандарда құрылыс нормалары бұзылып, бекітілген жобадан ауытқулар тіркелген. Аталған фактілер бойынша материалдар сот қарауына жіберілді.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету, сапаны бақылау және құрылыс мәдениетін арттыру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz