Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қорықшы ер адамның аяғына оқ атты

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бәйдібек би ауылы маңында қорықшы мен ер адам арасында туындаған дау атысқа ұласты. Оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып, қоғам назарын аударды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Видеодан екі ер адамның – бірі қолына мылтық ұстаған қорықшының – сөзге келіп, дауласып тұрғаны көрінеді. Бір мезетте қорықшы мылтығын оқтап, қарсы алдындағы адамның аяғына жақын жерден оқ атады. Жәбірленуші жерге құлап, жараланған аяғын ұстап, айқайлай бастайды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жанжалға себеп – далада от жағу болған.

Оқиғаға байланысты Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады. Онда күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылған.

«Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 1-бөлігі бойынша («Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша, жанжал тұрмыстық сипаттағы келіспеушіліктен туған», — делінген полиция таратқан ақпаратта.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz