Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды

Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында орын алған өртке байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл туралы Алатау қаласы әкімінің «Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінде көрсетілген.

Құжаттың мақсаты – төтенше жағдай туралы халықты дер кезінде хабардар ету. Шешім 17 қыркүйек күні сағат 12:00-ге дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Еске сала кетейік, қоқыс полигонындағы өрт 15 қыркүйекте басталып, әлі күнге дейін толық сөндірілген жоқ. Үшінші тәулік бойы жалғасып жатқан тілсіз жаумен күреске қосымша күш пен техника тартылды.

Кеше кешкісін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев оқиға орнына барып, өртті сөндіру барысымен танысты. Сондай-ақ өңірлік жедел штабта төтенше қызметтердің алдағы іс-қимылдары жан-жақты талқыланды.

Мамандар жағдайдың толық бақылауда екенін жеткізді. Қазіргі таңда полигон аумағында тәулік бойы сөндіру және рекультивациялау жұмыстары жүргізілуде.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz