Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылының маңында орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында өрт шықты. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Оқиға 18 маусым күні кешкі уақытта тіркелген. ТЖД мәліметінше, полигон жергілікті атқарушы органдардың қарамағында және оның жалпы аумағы 10 гектарды құрайды. Қалдықтардың тереңдігі 3-тен 7 метрге дейін жетеді.

«Алдын ала болжам бойынша, өрт 1 гектар аумақты қамтыған. Сөндіру жұмыстары су шашу және қалдықтарды қоршау әдістері арқылы жүргізіліп жатыр», – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 25 маман мен 12 арнайы техника жұмылдырылған. Тілсіз жаудың таралуына жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылданып жатыр.

Мамандар өрттің шығу себебін анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуде. Экологиялық және санитарлық қауіпсіздікке келтірілуі мүмкін зиян көлемі де алдағы уақытта нақтыланбақ.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz