Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында полицейлер үш ер адамның жұмбақ өлімін тергеп жатыр

Алматы облысында орын алған ірі өрттің салдарынан үш адамның қаза табуы қоғам назарын аударып отыр. Төтенше жағдай Талғар ауданындағы Тұрар ауылы маңындағы саяжай алқабында болған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Өрт салдарынан жеті тұрғын үй мен сегіз шаруашылық нысан толықтай жанып кеткен. Құтқару қызметінің мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтауға 27 өрт сөндіруші және 10 техника жұмылдырылған. Алайда қатты желдің әсерінен өртті толықтай сөндіру сегіз сағатқа созылған.

Жанып кеткен саяжай аумағынан үш ер адамның денесі табылды. Олардың бірі көлік салонынан, ал екеуі аула аумағынан анықталған. Марқұмдардың жасы 54 пен 61 аралығында болғаны белгілі.

Куәгерлердің айтуынша, өртті сөндіруге ауыл тұрғындары да атсалысқан.

«Әйеліммен бірге күректерді алып жеттік. Көршілер де келді, бірі су әкелді, бірі қолына түскен затпен көмектесті. Бар күшімізді салып тырысқанымызбен, жалынды тоқтату мүмкін болмады», – дейді саяжай иелерінің бірі Владимир Панков.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт орнында сот-медициналық және өзге де сараптамалар тағайындалғанын хабарлады. Бастапқы тергеу барысында қасақана өрт қою арқылы қылмысты жасыру әрекетінің белгілері бары анықталған. Бұл дерек бойынша материалдар құқық қорғау органдарына беріліп, қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері қаза тапқандардың бір-біріне туыстық қатысын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz