Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында оқшаулағыш құбырлар шығаратын жаңа зауыт салу жоспарлануда

Алматы облысында құбыр өнімдерін өндіретін ірі зауыттың құрылысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жобаны полиуретаннан, түрлі диаметрдегі пластик және коррозияға қарсы құбырлар шығаруға маманданған Қытайдың XINJIANG YIHONGFENG ENERGY TECHNOLOGY CO., LTD. компаниясы жүзеге асырады.

Өңір делегациясының өкілдерінің айтуынша, инвестор компания қазірдің өзінде Алатау қаласынан өндіріс алаңына арналған жер телімін сатып алған. Қазіргі таңда зауытты «Alatau» арнайы экономикалық аймағына енгізу және қатысу шарттары талқылануда.

«Бұл — өңір үшін стратегиялық маңызы зор өнеркәсіптік жобалардың бірі. Біз бизнестің қысқа мерзім ішінде өндірісін іске қосуына барынша қолайлы жағдай жасауды көздеп отырмыз», — деді Алматы облысының кәсіпкерлік басқармасы өкілі.

Жаңа өндіріс орнының іске қосылуы өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның импортты алмастыратын өнімге деген сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жоба еліміздің өндірістік әлеуетін арттырып, инфрақұрылым саласындағы қажеттіліктерді өтеуге өз үлесін қоспақ.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz