Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.09.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысында жыл басынан бері 505 өрт оқиғасы тіркеліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға артқан. Өрттердің көбісі тұрғын үй секторында орын алған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжехан Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Спикердің айтуынша, өрт салдарынан 13 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда өрттен қаза тапқандар саны 23%-ға азайғанымен, қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігі атап өтілді. Өрттің негізгі себептері электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбау, тұрмыстық техникаларды қолданудағы қателіктер және пештерді орнату мен пайдалану кезіндегі қателіктер болып табылады.

Алдын алу шаралары аясында департамент әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөліп, 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында 3743 үйді тексерді. Тексеру нәтижесінде 459 үйде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны анықталып, оның 409-ы сол жерде жойылған.

Жылыту маусымы кезінде 855 үйге 664 көміртегі тотығын анықтайтын датчик пен 191 түтін детекторы орнату жоспарланып отыр. Спикер Самат Кенжеханның айтуынша, басты мақсат – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халыққа өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат беру жұмыстарын жалғастыру. Жылыту маусымы кезінде тұрғындар пештер мен түтін мұржаларын үнемі тазалап, техникалық жағдайын қадағалап отыруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтегі заң бұзушылықтар: азаматтардың құқығы қалай қорғалды?

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Динара Әлібекқызы: Әрбір азаматтың құқығы заңмен қорғалуға тиіс

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
22.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
22.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
22.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz