Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Мектепке жол» акциясы аясында 60 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі

Алматы облысында 2025–2026 жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасуда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін бұл игі бастама жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Биыл «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан 60 948 балаға көмек көрсету үшін 2,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Әрбір оқушыға 46 228 теңге мөлшерінде көмек қарастырылған. Бұл сома соңғы үш жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Барлық төлемдер 20 тамызға дейін ата-аналардың шоттарына аударылады.

Мемлекеттік қолдаудан бөлек, акция аясында жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілердің қатысуымен қайырымдылық жәрмеңкелері ұйымдастырылып, киім-кешек пен оқу құралдары үлестірілуде.

Салыстырмалы түрде алғанда,

  • 2023 жылы – 56 974 балаға 2,4 млрд теңге көмек көрсетілсе,

  • 2024 жылы – бюджеттен тыс қаражат есебінен 20 250 бала қолдауға ие болған.

  • 2025 жылы – 60 948 балаға көмек беріліп отыр.

«Мектепке жол» – бұл тек материалдық көмек емес, сонымен қатар әрбір баланың білім алуға құқығын қамтамасыз ететін, қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын маңызды бастама.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Президент Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
13.09.2026

Алматы облысында жоғалып кеткен оқушылар мен мұғалімдер аман табылды

Қорлан Нұрланқызы
13.09.2026

Алматы облысындағы бірқатар тұрғын үй кешені жарықсыз қалуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
12.09.2026

Алматы облысының автобус паркі 1 млрд теңгеге жуық шығынға батты

Қорлан Нұрланқызы
12.09.2026

Алматы облысында дәстүрлі «Бақ күні» өтті

Мөлдір Иманмади
11.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz