Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында мал шаруашылығы өнімдері көлемі артты

Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласы, соның ішінде мал шаруашылығы тұрақты өсім көрсетіп отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Биыл өңірде ірі қара саны 621,5 мың басқа, ұсақ мал 2,68 миллионға, ал құс саны 9,29 миллион басқа жетті.

Ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша облыста 192,8 мың тонна ет өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға артық.

Бүгінде облыс аумағында 56 тауарлы сүт фермасы мен 57 бордақылау алаңы тұрақты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар жаңа өндірістік кешендердің құрылысы қарқын алып, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы кеңейіп келеді.

«Мал шаруашылығы – өңір экономикасының басты саласы. Біз фермерлерді субсидиялау және жаңа өндіріс алаңдарын ашу арқылы қолдауды жалғастырып келеміз», — деді Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі Ғалым Тоқпейісов.

Мамандардың айтуынша, облыстағы жүйелі қолдау мен мемлекеттік бағдарламалардың арқасында мал өнімдерінің көлемі мен сапасы артып, экспорттық әлеует те нығайып келеді. Алдағы уақытта өндірісті кеңейту мен мал басын асылдандыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz