Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында елді мекендерді газдандыру қарқынды жүргізілуде

Алматы облысында елді мекендерді кезең-кезеңімен газдандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл бағыттағы шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 15 наурызда өткен Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларының аясында іске асырылып келеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Президент халықтың тұратын жеріне қарамастан, газбен қамтуды қоса алғанда, базалық инфрақұрылымға тең қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңызын ерекше атап өткен болатын.

Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев өңірде қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Бүгінгі таңда облыстағы 284 елді мекеннің 158-і немесе 55,3 пайызы газ жүйесіне қосылған. Соның нәтижесінде 1,2 миллионнан астам тұрғын, яғни халықтың 77 пайызы табиғи газды пайдаланып отыр.

«Өткен жылдың өзінде ғана 17 елді мекенге газ тартылып, 40 мыңнан астам адамның өмір сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда тағы 18 ауыл мен қала массивін газдандыру жобалары дайындалды. Оларды жүзеге асыру барысында 600 уақытша және 20 тұрақты жұмыс орны ашылады», – деді Рустам Исатаев.

Оның айтуынша, 2025 жылы облыстық бюджеттен 11 миллиард теңге бөлініп, 14 елді мекен газбен қамтылады. Нәтижесінде келесі жылдың соңына қарай өңірдегі газдандыру деңгейі 59,5 пайызға жетіп, 169 елді мекенге табиғи газ жеткізілмек.

Іс-шара соңында энергетика саласында жоғары кәсібилік танытып, өңірдің дамуына зор үлес қосқан ондаған маман мемлекеттік және өңірлік наградалармен – медальдармен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы жазда туристерді қандай шаралармен таңғалдырады?

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Алматы облысында кадрлық тағайындау: басқармаға жаңа басшы келді

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Алматы облысында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттаған акция ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Қапшағай су қоймасынан 5 шақырым заңсыз ау торы шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Шыңғыс Әрінов Алматы облысында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz