Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында экотуризм дамуда

Қорлан Нұрланқызы
26.11.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысы Қазақстанның табиғаты ең көрікті өңірлерінің бірі ретінде экотуризмді дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Бұл туралы туризм басқармасының инфрақұрылымды дамыту және туристік жобаларды жүзеге асыру бөлімінің басшысы Шерхан Есентеміров айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Өңірде туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Қайыңды көліне апаратын 12 шақырымдық жолды жөндеу басталды. Түрген шатқалы мен Ассы үстіртінде визит-орталықтар салу жоспарланып, электр жеткізу желілері тартылуда. Спикер бұл жұмыстардың туристік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталғанын ерекше айтты.

«Алматы облысына жыл басынан 1,6 миллионнан астам турист келді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 500 мыңға көп. Көлсай көлдерінде 370 мыңға жуық турист дем алды. Бұл – экотуризмнің өңірдегі басты бағыт екенін көрсетеді», – деді Шерхан Есентеміров.
Оның айтуынша, шетелдік туристер арасында Қытай, Германия, Сауд Арабиясы және Үндістан елдерінен келгендер басым.

Сонымен қатар, облыста жаңа туристік жобалар іске асырылуда. Кеген ауданында құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын аспалы шыны көпір құрылысы басталды. Бұл бірегей жоба өңірде туристер ағынын ұлғайтуға ықпал етеді деп күтілуде. Бұдан бөлек,Қонаев қаласында DoubleTree by Hilton Konayev қонақүй кешені мен аквапарк құрылысы қолға алынған.
«Бұл жобалар тек туристер үшін емес, жергілікті тұрғындар үшін де жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің экономикалық дамуына серпін береді», – деді спикер.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz