Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында десантшылар ауылдағы су басу қаупінің алдын алды

Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда күннің жылынуы таудағы қардың еруіне себеп болды. Салдарынан Іле және Қарасай аудандарының шекарасында орналасқан Жармұхамбет ауылын су басу қаупі туындады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
21.01.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Су тасқынына қарсы шараларға қатысу тәжірибесі бар десанттық-шабуылдау әскерінің әскери қызметшілері ауыл тұрғындарына көмекке келді.

Жармұхамбет ауылында шамамен 10 000 адам тұрады. Өткен аптада ауа райының жылынуынан өзендегі су деңгейі көтеріліп, кей үйлердің аулаларына су кіре бастады. Іле ауданының әкімі шұғыл кеңес өткізіп, Қарулы күштердің Десанттық-шабуылдау әскерінің қолбасшысынан көмек сұрау туралы шешім қабылдады.

“Генерал-майор Алмаз Жұмақаев ауыл тұрғындарына көмек көрсету үшін 43 десантшыны жіберді. Олар өзен жағасын нығайту жұмыстарын жүргізді. Жармұхамбет ауылының тұрғындары шын жүректен алғыс білдіріп жатыр. Сонымен қатар, сарбаздарға жұмыс арасында ыстық тамақ берілді”, — деді Іле ауданы әкімінің орынбасары Алмас Букенов.


Екі күн ішінде тұрғын үйлерді су басудың алдын алу мақсатында 800 метрден астам аймақта су бөгеліп, 2500-ден инертті материал салынған қап төселді.

Айта кетейік, 2024 жылдың көктемінде Десанттық-шабуылдау әскерінің әскери қызметшілері Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан болатын. 300 десантшы Чапаев, Жайық, Теректі, Дарьин және басқа да аудан орталықтарындағы Жайық, Шаған, Деркүл өзендерінің жағаларын бекіту жұмыстарын жүргізді.

Тегтер: Басты жаңалықтарсу басу қаупі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 17 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Қонаевта қалдықтарды қайта өңдеу зауыты салынады

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Тоқаев үш стратегиялық автожолдың құрылысын бастап берді

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Диана Ахметова
03.08.2026

Көркейген өлке – кемел келешек

Диана Ахметова
03.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz