Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында бір тәулікте үш барымташы ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2024
Аймақ, Алматы облысы

Жамбыл ауданында полиция қызметкерлері 12 бас жылқыны ұрлау туралы резонанстық істі ашты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Оқиға 2024 жылғы 8 қарашада Ақдала ауылында болған. Шаруа қожалығының иесі жалпы құны 10,6 миллион теңгені құрайтын 12 бас жылқының ұрланғаны туралы полицияға арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ұсталған адам – бұрын сотталған жергілікті тұрғын.

«Жауап алу кезінде ол кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр,» – деп хабарлады полиция өкілдері.

Мұндай ұқсас оқиғалар Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында да тіркелген. Онда қаскүнемдер бір жылқы мен ірі қара малды ұрлаған. Криминалдық полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде күдіктілер ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары мал иелеріне сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

«Мал ұрлығының көпшілігі иелерінің тірі мүлікті қорғауға немқұрайлы қарауынан болады. Мал иелерін қаскүнемдердің құрбаны болмас үшін жануарларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз,» – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Қылмыстық істер бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz