Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында білім инфрақұрылымы қарқынды дамуда

Алматы облысында білім беру саласын жетілдіру, жаңа мектептер салу және үш ауысымдық оқытуды жою бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл ретте «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында биылдың өзінде өңірде 17 жаңа мектеп бой көтерді. Жыл соңына дейін олардың саны 26-ға жетпек, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Сонымен қатар, Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде 2000 орындық жеке меншік мектеп пайдалануға берілді. Жаңа білім ошақтарының ашылуы нәтижесінде облыстағы оқушы орындарының тапшылығы біртіндеп шешімін тауып келеді. Бұған дейін 52 мектеп үш ауысымда жұмыс істесе, бүгінде олардың саны 28-ге дейін азайды.

Ағымдағы жылы облыстағы 20 білім беру нысанында күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл оқушыларға қолайлы жағдай жасап, оқу сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам саналады.

Сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға да айрықша назар аударылып отыр. Бұл мақсатқа 16,1 млрд теңге бөлініп, қаражат оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға және ел экономикасы мен еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлауға жұмсалуда.

Алматы облысында қолға алынған осы бастамалар білім инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, жас ұрпаққа сапалы білім алуға кең мүмкіндік ашуда. Жаңа мектептер мен заманауи жабдықталған колледждер – өңірдің келешектегі дамуының сенімді кепілі.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz